• 2

    Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қаратал ауданы,

    Бастөбе ауылы, С.Юн көшесі 26. Телефон: 8 (72-834) 7-90-81

  • 4

    Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қаратал ауданы,

    Бастөбе ауылы, С.Юн көшесі 26. Телефон: 8 (72-834) 7-90-81

  • 7

    Ауылдық округінің әкімі - Ким Эдуард Афанасьевич

    Телефон: 8 (72-834) 4-01-30

     

     

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласының аясында әлемге әйгілі ойышыл, философ Әбу-Насыр Әл-Фарабидің туғанына 1150, ақын Абай Құнанбаевтың 175, Алтын Орданың құрылғанына 750, Қазақ халқының құрылғанына 555, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75, Қазақстан Республикасы конституциясының 25, Қазақстан халқы Асамблеясының 25 жылдықтары» атты көркемөнерпаздар байқауын өткізу туралы
А Қ П А Р А Т

2020 жылдың 13 ақпанында сағат 15.00 «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласының әлемге әйгілі ойышыл, философ Әбу-Насыр Әл-Фарабидің туғанына 1150, ақын Абай Құнанбаевтың 175, Алтын Орданың құрылғанына 750, Қазақ халқының құрылғанына 555, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75, Қазақстан Республикасы конституциясының 25, Қазақстан халқы Асамблеясының 25 жылдықтары» атты көркемөнерпаздар байқауыбайқауы өткізілді. Мектеп фойесінде әр тақырыпқа арналған көрме көрсетіліп, ауқымды іс-шараға Бастөбе ауылдық округінің құрметті азаматтары, ақсақалдар мен ақжаулықты аналар шақырылды. Округке қарасты мекемелер мен ұйымдар, шаруа қожалықтыр демеушілік көмек көрсетіп, белсене қатысты. Іс-шара от шашумен басталды. Байқауды өткізуіне орай, арнайы концерт көрсетілді. Бастөбе ауылдық округінің қолөнер шеберлерінің көрмесі және округтің тарихымен таныстырылып, кітапхана кітаптарының көрмесі ұйымдастырылды. Жиналған өнер сүйер қауым мерекелік концерттік бағдарламасын тамашалады.

19.02.20

Толығырақ...

Бастөбе ауылдық округінің учаскелік комиссиясы ағымдағы жылдың 10 қаңтарында үй-үйді аралап атаулы әлеуметтік көмек алу үшін құжаттарды тапсырған 7 өтініш берушінің материалдық жағдайын тексеріп шықты. Жоғарыда көрсетілген 7 отбасына учаскелік комиссияның тексеру актілері, қорытындылары және сурет материалдар жасалды. Осы тексеру бойынша барлық құжаттар аудандық жұмыспен қамту орталығына берілді. Учаскелік комиссияның осы бағыттағы жұмысы жалғасады.

14.01.20

14.01.20-1

14.01.20-2

14.01.20-3

14.01.20-4

14.01.20-5

14.01.20-6

14.01.20-7

14.01.20-8

14.01.20-9

Елбасының «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында Бастөбе ауылдық округінің спорт жөніндегі әдіскер – нұсқаушысының ұйымдастыруымен ауыл тұрғындарын спорттық – сауықтыру мақсатында2019 жылдың 12 желтоқсан күні Бастөбе ауылдық округінің БСТК колледжінің спорт залында Тәуелсіздік күніне орай ауыл тұрғындары арасында волейболдан жарыс өткізілді. Жарысқа 4 команда қатысты. Соның ішінде Бастөбе ауылынан 2 команда, Жылыбұлақ ауылынан 1 команда, Ортатөбе ауылынан 1 команда, Жарыс нәтижесі бойынша 1 орынды Жылыбұлақ ауылы иеленді, 2 орынды БСТК-1 командасы иеленді. 3 орынды БСТК-2 командасы иеленді. Ойыншыларымыз Кубокпен және сыйлықтармен марапатталды. Жаттығу М.Горький орта мектебінің спорт залында өтті.

17.12.19-1

17.12.19-2

17.12.19-3

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) көрсетудің тәсілдері өзгереді. Жаңа тәсілдер АӘК-ті барынша ашық әрі әділетті етіп, адамдарды еңбекке ынталандыратын болады. Енгізілетін жаңашылдықтардың бірі – мемлекет еңбекке қабілетті азаматтарға жұмыс табуға көмектеседі. Азаматқа немесе отбасына атаулы әлеуметтік көмек тағайындауда еңбекке қабілетті отбасы мүшесіне жұмыс ұсынылады. Ол келісімін берген жағдайда әлеуметтік келісімшартқа қол қойылып, АӘК төленеді. Алайда, еңбекке қабілетті азамат жұмысқа шығудан бас тартқан жағдайда ол және оның отбасы АӘК-тен айырылады. Дегенмен, көпбалалы аналарға төленетін жәрдемақы мен балаларға арналған кепілдендірілген әлеуметтік пакет сақталады. Осылайша, АӘК-тің жаңа тәсілдері көрсетілетін көмекті барынша әділ етіп, азаматтарды жұмысқа ынталандыратын болады. Ал бұл өз кезегінде азаматтарға өз әл-ауқатын жақсартуға мүмкіндік береді. Мемлекеттік көмек шынымен мұқтаж адамдарға көрсетілетін болады.

Instagram: https://www.instagram.com/asp.kaz/ 
Facebook: https://www.facebook.com/asp.kaz/ 
ВКонтакте: https://vk.com/asp_kaz

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру   қағидаларын    бекіту   туралы»    №  138  қаулысының 8 тармағының, 1, 2 тармақшаларына сәйкес:

2019 жылдың желтоқсан айының 26 күні, сағат 14.00-де Бастөбе ауылы, М.Горький атындағы орта мектебінде, 22 шағын ауданының Төртінші– Алатау, Бесінші - Жетісу, Алтыншы - Медеу көшесі деп өзгерту туралы жергілікті қауымдастық жиыны өткізіледі.

2019 жылдың желтоқсан айының 26 күні, сағат 15.00-де Бастөбе ауылы, М.Горький атындағы орта мектебінде, Космонавтов – Нұрлы жол, Новомирская - Самұрық деп өзгерту туралы жергілікті қауымдастық жиыны өткізіледі.

2019 жылдың желтоқсан айының 27 күні, сағат 14.00-де Бастөбе ауылы, Бастөбе сервистік-техникалық колледжінде Совхозная - Тарбағатай, Школьная - Тұлпар, Садовая - Бейбарыс сұлтан, Вишневая - Шиелі, Стадионная - Қасым хан және Стадионная шағын көше - Қасым хан шағын көшесі деп өзгерту туралы жергілікті қауымдастық жиыны өткізіледі.

Бастөбе ауылдық округінің спорт жөніндегі әдіскер – нұсқаушысының ұймдастыруымен бұқаралық спортпен қамту және спорттық – сауықтыру мақсатында 2019 жылдың 11 қараша күні Қаратал ауданы Бастөбе ауылдық округіндегі М.Горький орта мектебінде колледж студенттері арасында тоғызқұмалақтан жарыс өткізілді. Жарыс нәтижесі бойынша 1 орынға ие болған Тохтагулов Жарқын, 2 орынға ие болған Воеводский Игорь, 3 орынға ие болған Тавли-оглы Оксана. Ойыншылар тартымды, әрі қызықты ойын өрнегін көрсетті. 1,2,3, орынға иеленген командалар дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды.

14.11.19

14.11.19-1

enbek kz

баннер ПРЗ без-фона

Социальная помощь

Аудандық әкімдіктің сайты

Ауа-райын болжау

Валют курстары

Мейрамның күнтізбесі

Праздники Казахстана