• 2

    Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қаратал ауданы,

    Бастөбе ауылы, С.Юн көшесі 26. Телефон: 8 (72-834) 7-90-81

  • 4

    Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қаратал ауданы,

    Бастөбе ауылы, С.Юн көшесі 26. Телефон: 8 (72-834) 7-90-81

  • 7

    Ауылдық округінің әкімі - Ким Эдуард Афанасьевич

    Телефон: 8 (72-834) 4-01-30

     

     

2019 жылдың 26 сәуірде сағат 15.00 «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласының «Туған жерге туыңды тік» жобасы аясында Жылыбұлақ ауылдық мәдениет үйлері арасында «Ауылым – алтын бесігім» атты облыстық байқауы өткізілді. Аппақ қардай қазақ үйдің ішінде көрме көрсетіліп, ауқымды іс-шараға Бастөбе округінің құрметті азаматтары, ақсақалдар мен ақжаулықты аналар шақырылды. Округке қарасты мекемелер мен ұйымдар, шаруа қожалықтыр демеушілік көмек көрсетіп, белсене қатысты. Іс-шара от шашумен басталды. «Ауылым – Алтын бесігім» атты облыстық байқау мерекесіне орай, арнайы концерт көрсетілді. Жылыбұлақ ауылының қолөнер шеберлерінің көрмесі және ауылдың тарихымен таныстырылып, кітапхана кітаптарының көрмесі ұйымдастырылды. Жиналған өнер сүйер қауым мерекелік концерттік бағдарламасын тамашалады. 4 ойын турлерінен ауыл тұрғындары арасында жарыс өткізілді: гір тасы, тоғызқұмалақ, қол күрес, және асық атудан ойын нәтижесі бойынша тоғызқұмалақтан 1 орынға ие болған Бастөбе сервистік колледжінің командасы, 2 орынға ие болған «Ортатөбе» командасы, 3 орынға ие болған «Жылыбұлақ» командасы. Гір тасынан бас жүлдені алған Ачилов Амантай – Бастөбе сервистік колледжінің студенті, қол күрестен бас жулдені алған Мунапов Мансур - Бастөбе сервистік колледжінің студенті, асық атудан бас жулдені алған Тұрдақынбай Ақжол - Бастөбе сервистік колледжінің студенті. 1-2-3 орын иеленген ойыншылар бағалы сыйлықтармен және дипломдармен марапатталды.

_2019-05-02_230639.jpg_2019-05-02_230438.jpg

Толығырақ...

2019 жылдың сәуір айының 11 - і күні Бастөбе ауылдық округінің жастар ісі жөніндегі әдіскер-нұсқаушысының ұйымдастыруымен « Діни экстремизм мен терроризм әлемге төнген қауіп»туралы жастармен кездесу өткізілді. Тұрғындардың арасында, әсіресе жастардың өзгелерге еліктеуі, белгілі бір топтың мүшесі болуға деген ынтасы соқыр сенімге негізделген діншілдікке әкеледі.  Мұндай ұстаным өз сенімін, көзқарасын мейлінше кең тарату, қажет болса күштеп таңу әрекетіне саяды. Осы жағдайда, діни мотивтегі терроризм көрінісі мен оның өкінішіті салдары орын алады.Діни экстримизмнің алдын алу бойынша жастардың діни сауаттылығын ашу,Терроризм мен діни экстримизмнің алдын алу және онымен күресудің жолдары,жастарға ой салу,
қатер төндіретін жат діни ағымдарға сақ болуға құқық бұзушылықтың алдын алу,қоғамдағы белсенділіктерін арттыру. Бейнефильм, слайдтар, суреттер, Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013 - 2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, дін саласындағы негізгі мәселелер бойынша материалдар жиынтығын көрсетті.Кездесуге Үштөбе қаласының имамы Булекбаев Ерік, Нуркабланов А.,Егизбаев К.Жастарымызға дін атын жамылған экстремизм,терроризм идеяларының алдын алуын барынша жастарға түсініктеме берді.

_2019-05-02_230119.jpg

2018 жылдың 16 қарашасында М.Горький атындағы орта мектебінде Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру  аясында Бастөбе ауылдық округінде алғашқы рет  байқауы ұйымдастырылды. Байқауға огругтің үш мектебі мен Бастөбе  сервистік техникалық колледжінен  тоғыз қыз бақтарын сынады. Байқаудың  салтанатты ашылуы Жылыбұлақ  ауылының азаматтары, ауданымыздың күміс көмей  әншілері Жандос Сергазинов және Аршынбек Дастанның  ән шашуымен  басталды. Байқау бес кезеңге бөлінді. Бірінші: өз өмірінен бейне ролик көрсету,  екінші:  өзін-өзі таныстыру, үшінші кезең: Бастөбе ауылдық  округінің тарихынан қойылған видео сұрақ-жауаптар, төртінші кезең: өз өнерін көрсету, бесінші соңғы шешуші  кезең кешкі  көйлектер дефилесімен аяқталды. Сайыс қатысушыларының сыртқы сұлулығы ғана емес, таланты, инабаттылығы, парасаттталығы, туған жерінің тарихын білуі бағаланды.  Әділ қазылар алқасының қатарында Қаратал ауданы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы – А.Акиремова, Қаратал ауданы мәдениет үйінің әдіскері -Е.Жантемирова,Қаратал ауданы мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі, хореограф – А.Нұрпейісова,  Бастөбе ауылы мәдениет үйінің директоры – А.Дүйсенбеков болды. «Қыз емес, қыздың аты - қызыл алтын» демекші, байқауға қатысқан қыздар шеттерінен ақылына көркі сай, қас сұлулар, таңғажайып арулар десек артық айтқандық емес.  Байқаудың талабына сай қатысушылар бойларындағы бар өнерлерлерін киелі  сахна  төрінде көрсете алды. Әділқазы  алқаларының шешімі бойынша бас жүлдені Жылыбұлақ орта мектебінің оқушысы – Аружан Қалаулинова қанжығасына байлады. 1 орын Бастөбе сервистік-техникалық колледжінің студенті Кристина Сонға бұйырды, 2 орынды  М.Горький атындағы орта мектебінің оқушысы Алтынай Серік, 3 орынды Панфилов атындағы орта мектебінің оқушысы – Азиза Үкенова иеленді.   «Көрермендер көзайымы» арнайы жүлдесін Жансая Нұрмұхаметова /М.Горький ОМ/  алса, «Нәзіктік аруы» номинациясы бойынша – Александра Любанько /БСТК/, «Сымбаттылық аруы» номинациясына – Ксения Лановая /Панфилов ОМ/, «Әсемдік аруы» номинациясына - Мадина Қанатова /М.Горький ОМ/, «Парасатты аруы» номинациясына Ольга Таранова сияқты сұлуларымыз иеленді.  Барлық аруларымыз Бастөбе ауылдық округі әкімінің арнайы дипломдарымен және сыйлықтармен марапатталды. Ұйымдастырылған байқау жақсы дәстүрге айналып, жыл сайын өткізілетін болады деген  ойдамыз.

Бастөбе ауылдық округі әкімінің аппараты «Бастөбе аруы-2018» байқауын өткізуге үлес қосқан, демеушілік қолдау көрсеткен «Отбасылық балалар үйі –Қабылбекова», «Алмахан», «Айюка», «Аймақ», «Бараков» шаруа қожалықтарының басшыларына,  шексіз алғысын білдіреді.

Бастөбе аулдық округі әкімі аппаратының бас маманы И.Керимова

Бастөбе аулдық мәдениет үйінің директоры А.Дүйсенбеков

 

IMG20181116180057.jpg

Толығырақ...

Террористік актілерді болдырмау жөніндегі
халыққа арналған жаднама

Мұқият болыңыздар! Үйіңіздің кіреберісіндегі, аулаларыңыздағы, көшедегі бөгде заттар мен адамдарды дер кезінде өздеріңіз ғана байқай аласыздар. 

Қырағы болыңыздар! Маңайдағы адамдардың жүріс-тұрысына, орынсыз жатқан иесіз мүліктер мен заттарға көңіл аударыңыздар.

Үйлеріңіздің қауіпсіздігін қамтамасыз етіңіздер: кіреберісте  домофонымен темір есік орнатыңыздар, жертөлелер, үй шатырлары және техникалық ғимарат есіктерінің ашық - жабықтығын тексеріңіздер. 

Көліктегі жолаушының күдікті жүріс-тұрысын көріп тұрып, байқамаған сыңай танытпаңыздар! Сіздер көлікпен жүру қауіпсіздігін сақтауға толық құқыларыңыз бар.

Ешқашан, тіпті, өте қауіпсіз болса да, қандай да бір сақтау немесе басқа біреуге беру үшін біреудің қолынан зат алмаңыздар. 

Адамдар аз (иесіз) жерде күдік тудыратын затты тауып алу сіздің сақтығыңызды әлсіретуге тиіс емес. Қаскөй адам оны бір нәрседен, біреуден қорыққандықтан тастай қашуы мүмкін.

Тіпті, сіздің жарылғыш құрылғыларын білетін жеке тәжірибеңіз болса да, онымен бір нәрсе жасауға тырыспаңыз. Өздігінен жарылғыштар өте сезімтал және әккі болып келеді.

Күдік тудыратын затқа жақындамаңыздар, тіпті қол тигізбеңіздер,      бұл - өмірлеріңізге өте қауіпті.

Балаларыңызға қауіпсіздік шараларын: бейтаныс адаммен көшеде сөйлесуге, үйде есік ашуға, жерде жатқан иесіз ойыншықты алуға, көзге түскен затқа жақындауға болмайтынын және т.б. үйретіңіздер.  

Күдікті тұлғаларды байқаған жағдайда
халыққа арналған жаднама

Терроризм актілерін дайындау немесе жоспарлауды куәландыратын белгілері:  

1) сіз жұмыс істейтін немесе үйдің ауласында, ғимарат айналасында (жиі баратын жеріңізді) күдікті тұлғалардың бірнеше рет көрінуі, фото және бейне түсірме жасауы, сондай-ақ дәптерге жазба жасау; 

2) құқық қорғау орган қызметкерлерімен кездесуден қашу және бейне камерадан бұлтару әрекеттері (басын түсіру, бұрылып кету, бетін жабу); 

3) жер төле және шатырларға техникалық қызмет көрсетуге қатысы жоқ тұлғалардың кіруі; 

4) тұрғын және әкімшілік ғимараттарға қызмет көрсететін персоналдар және күзетушілермен бейтаныс адамдардың негізсіз байланысқа түсуі, олардан жұмыс тәртібі, қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша шаралар және т.б. жөнінде мәліметтерді жинақтау;

5) бөгде тұлғалармен маңызы төмен жұмыстарды (пакет, түйіншек, посылка беріп жіберу) ірі сыйақыға орындайтын тұлғаларды іздеуі.  

Күдікті тұлғаларды байқаған жағдайда келесі іс-қимылды орындау қажет:  

1) Ұстауға өздігімен әрекет қабылдамау; 

2) Олар жөнінде құқық қорғау органдарына шұғыл хабарлау; 

3) Өзіңіз назарға түспеу, тұлғалардың санын, нақты сыртқа белгілерін, киімдерін және оларда бар заттарды, қолдануындағы автокөлік номерін және маркасын, қозғалыс бағытын белгілеп алу. 

Күдікті зат тауып алған кездегі тұрғындарға 
арналған жаднама

Біліңіздер: заттардың сыртқы көрінісі оның расында неге арналғанын жасыруы мүмкін. Жарылғыш заттар үшін камуфляж есебінде әдеттегі тұрмыстық заттар қолданылады: сумка, пакет, түйіншек, қорап, ойыншық және т.б.     

Табылған заттардың жарылу қаупін куәландыратын, белгілері: 

1) көлік маңында, баспалдақта, пәтерде және т.б. орындарда белгісіз түйіншектің немесе басқада бір заттардың болуы; 

2) бөтен сумка, портфель, қорап, басқада заттың: кіреберісте, пәтер есігінің, көліктің маңында өзгеше орналасуы;   

3) табылған күдікті заттан шудың шығуы (сағат механизміне, жиілігі төмен дыбысқа тән). 

Егер де сіз күдік тудыратын зат тауып алсаңыз, ол фактіні назардан тыс қалдырмаңыз:

1) қоғамдық көлікте: 

-  заттың (сөмкенің және т.б.) кімдікі екенін немесе кім қалдырып кетуі мүмкін екенін қасыңыздағы адамдардан сұраңыз;

- егер иесі анықталмаса, табылған зат туралы дереу жүргізушіге немесе кондукторға хабарлаңыз.

2) үйіңіздің кіре берісінде:

- көршілерден сұраңыз, мүмкін ол зат соларға тиесілі шығар. Егер иесі анықталмаса, табылған зат туралы дереу құқық қорғау органдарына хабарлаңыз (тел. 102, 112). 

3) көшеде, саябақта және т. б.:

- айналаңызға қараңыз, егер мүмкіндік болса, заттың иесін анықтауға тырысыңыз. Егер ол анықталмаса, құқық қорғау органдарына шұғыл хабарлаңыз (тел.102, 112);

- затты бөгде адамдардан оқшаулауға немесе алыс арадан затқа бөтендерді жібермеуге тырысыңыз. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері келген бойда зат табылған уақыт туралы ақпарат беріңіз.

4) мекемелерде, ұйымдарда: 

- тауып алған зат туралы объект күзетшісіне немесе әкімшілігіне дереу хабарлаңыз. 

Табылған затпен немесе күдік тудыратын заттармен жеке іс-қимыл жасауға тырыспаңыз, олар жарылғыш құрылғылар болуы мүмкін, бұл жарылысқа, көптеген құрбандыққа, қирауға әкелуі мүмкін.

Үзілді-кесілді тыйым салынады:

- табылған затты ұстауға, ашуға және орнынан қозғауға, бір жерден екінші жерге апаруға, қолға алуға; 

- табылған затты қалтаға, портфельге, сөмкеге салуға және т.б.; 

- жерге көмуге немесе оларды су қоймаларына тастауға; 

- заттардан шығып тұрған сым темірлерді немесе сымдарды үзіп тастауға немесе тартуға, оларды залалсыздандыруға тырысуға;

- табылған заңсыз затты пайдалануға; 

- оған жақын аралықта радио- және электрлі - аппараттарын, ұялы телефондарды пайдалануға.

Жарылғыш құрылғылардың іске қосылуы нәтижесінде  жарылыс аймағында немесе ғимараттың қираған үйінділерінің арасында қалған тұрғындарға арналған жаднама 

Егер сіз жарылу аймағында қалсаңыз, естен танбай, қимылдай алатын халде болсаңыз, ең бірінші кезекте түтін мен жалын жоқ жерге қарай жүруге, еңбектеуге тиіссіз.

Егер сіз жарылыс кезінде зардап шекпесеңіз, ал қасыңызда зардап шеккен адамдар болса, олардың жан-күйлерін бағалаңыз: тамыры соға ма, адам есін жоғалтқан жоқ па? Ешқашан оның есін мүсәтір арқылы жиғызуға тырыспаңыз. Естен тану – бұл организмнің сыртқы әсерден қорғануы. Егер зардап шеккен адамның сынған жерлері болмаса (оның сүйектерін мұқият басып көріңіз), оны қырынан жатқызыңыз. Ол шалқасынан жатса, құсыққа шашалып, етпетінен жатса тұншығып қалуы мүмкін. Күре тамырдан қан кеткен (алқызыл қан шапшып жатса) кезде жарақатты неғұрлым тез, тым болмағанда саусақпен басып, содан соң жараның жоғары жағынан жіппен, белбеумен, баумен, белдікпен таңу керек.

Егер сіз ғимараттың қираған үйінділері арасында қалсаңыз, саябырлауға тырысыңыз. Терең және бірқалыпты тыныс алыңыз. Өзіңізді құтқаратынына иландырыңыз. Дауыстап және заттарды соққылау арқылы адамдардың назарын аударыңыз. Егер сіз ғимараттың қираған үйінділерінің түбінде қалсаңыз, сізді жаңғырық дыбыс анықтағыш арқылы тауып алу үшін кез келген металл затты (сақина, кілт және т.б.) оңды-солды қозғап, дыбыс шығарыңыз. 

Егер бекітулі кеңістікте болсаңыз, оттықты тұтандырмаңыз.  Оттегін сақтаңыз.  

Қабырғалардың қайта опырылып құлауын болдырмауға тырысып, абайлап жылжыңыз, сырттан соққан ауаның қозғалысы бойынша  бағдар ұстаңыз. Егер мүмкіндігіңіз болса, қолға ұстауға келетін заттардың (тақтайлар, кірпіштер  және т.б.) көмегімен төбені бекітіңіз, содан соң  көмек күтіңіз. Қатты шөл қысқан кезде кішкентай тасты аузыңызға салып, сорыңыз, мұрныңызбен тыныс алыңыз.

Адамдарды кепілге алған жағдайдағы іс-қимылдар бойынша
тұрғындарға арналған жаднама 

Адамдарды кепілге алудың әрбір нақты жағдайы өзгеше және басқалардан ерекшеленеді.  

Сонымен қатар егер сіз кепілге алынсаңыз

1) өз-өзіңізге мүмкіндігінше жылдам келіңіз, тынышталыңыз және үрейленбеңіз;  

2) егер өзіңізді байлап немесе көзіңізді жапса, бойыңызды еркін ұстауға тырысыңыз, терең тыныстаңыз;  

3) болуы мүмкін қатаң сынаққа жеке адами, моральдық және эмоционалды тұрғыда дайын болыңыз. Осы ретте адамдарды ұстаудың көптеген жағдайларында кепілге алынғандардың тірі қалғандығын есте сақтаңыз. Сізді босату үшін құқық қорғау және арнайы органдары кәсіби шаралар қолданып жатқанына сеніңіз;   

4) егер қашып кете алатыныңызға толық сенімді болмасаңыз, қашуға тырыспаңыз;  

5) террористер туралы мүмкіндігінше көбірек ақпаратты есте сақтаңыздар. Олардың санын, қарулану дәрежесін мақсатқа сай белгілеу, дене бітіміне, сөйлеу акценті мен тақырыбына, темпераментіне, өзін ұстау мәнеріне және т.б. сыртқы пішінін сипаттайтын ерекшеліктерге көңіл аудара отырып, барынша толық кескінін жасау. Жан-жақты ақпараттың соңынан террористердің жеке бастарын анықтауда көмегі тиеді; 

6) әр түрлі белгілер бойынша өзіңіз отырған (қамалған) орынды  анықтауға тырысыңыз; 

7) мүмкіндігінше терезелерден, есіктерден және адам ұрлаушылардың өздерінен алысырақ, яғни құқық қорғау органдары белсенді шаралар қабылдаған жағдайда (үй-жайға шабуыл, мергендердің қылмыскерлерді көздеп атуы және т.б.) неғұрлым қауіпсіз жерге орналасыңыз; 

8) ғимаратқа шабуыл жасаған жағдайда қолды желкеңізге қойып, еденге етпеттеп жатуды ұсынады;  

9) егер шабуыл жасаған және басып алған кезде Сізбен әдепкіде (Сіздің жеке басыңызды анықтағанға дейін) ықтимал қылмыскер ретінде бірқатар дөрекі іс-әрекетке барса, ашуланбаңыз. Сізді тінтуі, қолыңызға кісен салуы, байлауы, эмоционалдық немесе жеке басыңызға жарақат жасауы, тергеуге алуы мүмкін. Бұл тәрізді жағдайларға түсіністікпен қараңыз, шабуылдаушылардың мұндай әрекеттері (барлық адамды түпкілікті сәйкестендіргенге және шынайы қылмыскерлерді анықтағанға дейін) дәлелденген.  

Адамды ұрлаушылармен өзара қарым-қатынас:

1) агрессивті қарсылық көрсетпеңіз, шалт және қауіп төндіретін қимыл жасамаңыз, террористерді өздері ойластырмаған іс-әрекеттерге итермелемеңіз;

2) мүмкіндігінше адам ұрлаушылармен тікелей көзбен арбасатын байланыстан қашыңыз; 

3) бастапқыдан - ақ (әсіресе, бірінші жарты сағатта) адам ұрлаушылардың барлық бұйрығын және өкімін орындаңыз; 

4) пассивті ынтымақтастық позициясын ұстаныңыз. Сабырлы дауыспен сөйлесіңіз. Басып алушылардың ашу-ызасын тудыруы мүмкін  дұшпандық рең мен іс-қимылға шақыратын жек көрушілік сезімін білдіруден қашыңыз; 

5) өзіңізді сабырлы ұстаңыз, бұл ретте өз абыройыңызды сақтаңыз. Үзілді-кесілді қарсылық жасамаңыз, бірақ өзіңізге өте қажетті жағдайда сабырмен өтініш жасаудан қорықпаңыз; 

6) аталған жағдайда қатты күйзелуден қозғалуы мүмкін  денсаулық кінәратыңыз болса, бұл туралы өзіңізді ұстап отырған адамдарға сабырлы түрде жеткізіңіз. Қалыптасқан жағдайларды ескере отырып, біртіндеп өзіңіздің жай-күйіңізді жақсартуға байланысты өтініштер деңгейін арттыруға болады. 

Кепілдік жағдайында ұзақ болған кезде:

1) уайым, абыржу және асып-сасу сезімінің орын алуына жол бермеңіз. Алдағы сынақтарға өзіңізді ойша дайындаңыз. Ақыл-ой белсенділігін сақтаңыз; 

2) ашыну сезімінің пайда болуынан қашыңыз, ол үшін өз-өзіңізді сендірудің ішкі ресурстарын пайдаланыңыз; 

3) жағымды нәрселер туралы ойлаңыз және сондай жағдайларды еске түсіріңіз. Уақыт өткен сайын сізді босату мүмкіндіктерінің арта түскенін ойлаңыз. Сізді дәл қазір босату үшін барлық мүмкіндіктердің жасалып жатқандығына  сеніңіз.  

4) өзіңізге тұрақты айналысатын бір іс (дене жаттығулары, кітап оқу, өмір туралы естеліктер және т.б.) табыңыз. Дене және интеллектуалдық іс-қимылдың тәуліктік кестесін белгілеңіз, оларды қатаң әдістемелік тәртіппен орындаңыз; 

5) күшіңізді сақтау үшін, тіпті ұнамаса және тәбетіңізді ашпаса да берген тағамның бәрін жеңіз. Осындай қысылтаяң жағдайда тәбетіңіз бен салмағыңыздың жоғалуы қалыпты құбылыс болып табылатындығына ден қойыңыз. 

Психологиялық орнықтылықты сақтау кепілдегі адамды құтқарудың маңызды шарттарының бірі. Мұнда ойдың айқындығын сақтауға, жағдайды дәлме-дәл бағалауға мүмкіндік беретін жағымсыз әсерлер мен күйзелістерден оқшаулайтын кез келген амал-әдістер тиімді. Келесі ережелерді ұғып алған пайдалы: 

1) аталған жағдайларда қолайлы дене шынықтыру жаттығуларын жасаңыз, кем дегенде, денедегі барлық бұлшық еттерді кезек-кезек ширықтырыңыз және босаңсытыңыз;   

2) барлық жағдайларда аутотренинг пен медитацияны қолдану өте пайдалы, олар өз психикаңды бақылауда ұстауға көмектеседі; 

3) ішіңізден оқыған кітаптарыңызды, өлеңдеріңізді, әндеріңізді   есіңізге түсіріңіз, жүйелі түрде әр түрлі дерексіз проблемаларды  (математикалық есептерді шығарыңыз, шетел сөздерін есіңізге түсіріңіз және т.б.) ойлап алыңыз. Сіздің ақыл-ойыңыз жұмыс істеуі керек. 

4) егер мүмкіндік боласа, қолыңызға түскеннің бәрін, тіпті оның мәтіні сізге мүлдем қызықсыз болса да оқыңыз. Сондай-ақ жазғандарыңызды қайтып алатынына қарамастан, жазуыңызға да болады. Ақыл-есті сақтауға көмектесетін осы үдерістің өзі маңызды.  

5) Болып жатқан жағдайларды жүрегіңізге жақын алмай,  сырттан қарауға тырысыңыз, соңына дейін істің сәтті аяқталатынына сеніңіз. Қорқыныш, торығу мен селқостық – бұл үшеуі сіздің негізгі жауыңыз, оның бәрі – өз ішіңізде жатыр.   

Эвакуациялау туралы ақпарат алған кездегі
тұрғындардың іс-қимылдары жөніндегі жаднама 

Егер сіз қауіпсіз жерге көшіруді бастау туралы ақпаратты  үйіңізде естісеңіз: 

1) ауа-райына қарай киініңіз, құжаттарыңызды, ақшаларыңызды, бағалы заттарыңызды алыңыз; 

2) электрді, газды, суды ажыратыңыз, пештегі (алау ошақтағы (камин) отты сөндіріңіз;

3) көшу кезінде қарияларға және ауыр науқастарға көмек көрсетіңіз;  

4) кіреберіс есікті құлыпқа жабыңыз;  

5) ғимараттан шығыңыз және көшірушінің командасын орындаңыз, тастап кеткен үй-жайға жауапты адамдардың рұқсатынан кейін ғана қайта оралыңыз. 

Егер сіз қауіпсіз жерге көшіру туралы ақпаратты  жұмыс орныңызда естісеңіз: 

1)  асықпай және дүрлікпей жұмыс құжаттарыңызды сейфке  немесе кілтпен жабылатын үстел жәшіктеріне жинаңыз; 

2) өзіңізбен бірге жеке заттарыңызды, құжаттарыңызды, бағалы заттарыңызды алыңыз;   

3) ұйымдастыру техникаларын, электр құрылғыларын сөндіріңіз; 

4) есікті кілттеп жабыңыз және көшіру тәсілінде белгіленген бағытпен жүріңіз;  

5) ғимараттан шығыңыз және көшіру басшысының командасын орындаңыз.

На этой неделе в Талдыкорганском регионе прошли мероприятия, приуроченные ко Дню памяти жертв политических репрессий. Организаторами обширных акций в рамках проекта «Память во имя будущего», посвященных 80-летию памяти жертв массового голода и 75-летию депортации народов в Казахстан, выступили: Ассамблея народа Казахстана, Акимат Алматинской области, этнокультурные объединения. На церемонии открытия Памятного камня благодарности казахскому народу от депортированных этносов в Уштобе (Каратальский район) присутствовало более 200 человек.

Вклад в сохранение памяти

kamenЧереду торжественных мероприятий утром 28 мая открыл  международный «круглый стол» «Судеб связующая нить». Во Дворце языков областного центра собрались видные отечественные и зарубежные ученые, депутаты Парламента РК, представители государственных органов, дипломатических миссий зарубежных стран, члены АНК, общественность, СМИ.

С участием авторов, известных писателей и ученых состоялась презентация книг, посвященных истории депортации и политическим репрессиям. Также в рамках «круглого стола» женский клуб «Астана-Байтерек» в фойе Дворца языков организовал выставку уникальных картин репрессированных художников «АЛЖИР – КАРЛАГ – УШТОБЕ». После чего состоялась торжественная церемония вручения книг и картин талдыкорганскому Дому Дружбы.

Затем, на площади перед Домом Дружбы прошла встреча участников проекта «Память во имя будущего» со студенческой молодежью в рамках акции «Будущее начинается сегодня!». По итогам встречи было принято обращение в адрес Главы государства от имени молодежи Алматинской области: «Молодежь помнит и чтит...».

Благодарность казахскому народу

После обеда участники мероприятий направились в Каратальский район для участия в церемонии открытия Памятного камня благодарности казахскому народу от всех депортированных этносов, который был воздвигнут у подножия горы Бастобе по инициативе Ассоциации корейцев Казахстана.

В Уштобе прибыла делегация от Ассамблеи народа Казахстана во главе с заместителем Председателя, заведующим Секретариатом АНК Ералы Тугжановым.

Специально для участия в торжественном открытии Памятного камня Каратальский район посетил чрезвычайный и полномочный Посол Республики Корея в Казахстане г-н Пэк Чухён.

Несмотря на палящий зной, в этот день у горы Бастобе собралось более 200 человек, в числе которых были и гости из других регионов республики, граждане Республики Корея, общественность со всех уголков Алматинской области, СМИ.

На памятном митинге выступили почетные гости, руководители этнокультурных объединений, жители Каратальского района.

Говоря о реализуемой инициативе, Ералы Тугжанов отметил, что воздвигнутый Монумент будет служить символом общей историей и единой судьбы многонационального  народа Казахстана.

Также этот Памятный камень всегда будет напоминать о трагических временах, для того, чтобы подобное никогда больше не повторилось, - сказал заместитель Председателя АНК.

В свою очередь чрезвычайный и полномочный Посол Республики Корея в Казахстане г-н Пэк Чухён подчеркнул, что граждане Южной Кореи благодарны казахам за то, что они приняли их соотечественников в тяжелые годы депортации на своей благодатной земле и протянули руку помощи.

Почетное право снять покрывало с памятника было предоставлено Ералы Тугжанову и г-ну Пэк Чухёну. Под звуки духового военного оркестра перед собравшимися предстала целостная композиция из трех мраморных камней. На центральном камне выгравирована надпись на двух  языках (казахскоми русском): «Благодарность казахскому народу».  Возвышающийся над композицией шанырак символизирует единство, мир, благополучие. 

Говоря о глубоком смысле данной акции,депутат Мажилиса Парламента РК, председатель Ассоциации корейцев Казахстана Роман Ким подчеркнул:

Гора Бастобе является священным местом для местного населения и для нашего народа. Здесь до сих пор сохранились следы от землянок, в которых пережили свою первую зиму переселенные в 37-м году корейцы, а чуть выше находится кладбище, где захоронены наши предки. Поэтому мы изъявили инициативу воздвигнуть Памятный камень именно здесь. Теперь он будет свидетельствовать о том, что во время жестоких гонений казахский народ помог выжить людям самых разных национальностей, вернул нашим предкам надежду, веру в будущее.  

По завершении торжественной церемонии рядом с Монументом почетные гости посадили аллею Памяти.  

kamen2Затем все направились на тепличный комплекс, построенный по инновационным южнокорейским технологиям. Совсем недавно возле уже функционирующей теплицы было возведено еще два парника, в которых планируется выращивать овощи, ягоды, зелень. Площадь каждой теплицы составляет порядка 1600 кв.м.  В первом парнике в настоящее время идет сбор урожая огурцов. Прибывшие гости с большим удовольствием пробовали предложенные им прямо «с грядки» экологически чистые овощи.

По инициативе Посольства Республики Корея в Казахстане для более тесного, «живого» знакомства на территории тепличного комплекса был устроен конкурс по приготовлению традиционного корейского блюда ким-паб. Организаторы установили длинный стол со всеми необходимы ингредиентами, и каждый желающий мог попробовать свои силы в заворачивании «корейских колбасок».

Воспользовались случаем и выставили свою продукцию местные промышленные и сельскохозяйственные предприятия. Посетители смогли познакомиться со знаменитыми сортами каратальского риса и лука, попробовать продукцию уштобинского молокозавода.

Затем многочисленная делегация вновь направилась в Талдыкорган, где состоялся тематический вечер Памяти «Тағдырларды бiрiктiрген Қазақстан...», на котором были показаны документальные и научно-просветительские фильмы о периоде депортации.  

Мероприятия в рамках проекта «Память во имя будущего» завершились в Талдыкоргане 31 мая. За это время были проведены «круглые столы», образовательные семинары, встречи с этнокультурными объединениями, организованы посещения районов области.

enbek kz

баннер ПРЗ без-фона

Социальная помощь

Аудандық әкімдіктің сайты

Ауа-райын болжау

Валют курстары

Мейрамның күнтізбесі

Праздники Казахстана